Saghlam Hayat

Saghlam HayatSaghlam HayatSaghlam Hayat

Saghlam Hayat

Saghlam HayatSaghlam HayatSaghlam Hayat
  • Уйғур
  • Сағлам Һаят китаб
  • Тил
    • UYG (latin)
    • ENG
    • Қаз
    • РУС
    • ئۇيغۇرچە
  • More
    • Уйғур
    • Сағлам Һаят китаб
    • Тил
      • UYG (latin)
      • ENG
      • Қаз
      • РУС
      • ئۇيغۇرچە
  • Уйғур
  • Сағлам Һаят китаб
  • Тил
    • UYG (latin)
    • ENG
    • Қаз
    • РУС
    • ئۇيغۇرچە

Су

Судың қасиеті: ағзаның дұрыс жұмыс істеуі үшін, оны ылғалдандылып отыру

Көл өзінің деңгейін сақтап тұру үшін, оған үнемі тұщы судың келіп тұруы керек сияқты, біздің ағзамыз да дұрыс жұмыс істеуі үшін үнемі суды қажет етеді. Егер су жеткіліксіз болса, онда ағзамыз құрғап, тіпті ішкі мүшелерімізге зиян келуі мүмкін.


Су неліктен соншалықты маңызды

Су – ағзаның көптеген қызметтеріне қатысатын ерекше зат. Газдалған тәтті сусындар мен тәтті суларға қарағанда, таза су тез қорытылады. Себебі судың калориясы жоқ, сондықтан ағза басқа сусындарға қарағанда суды сіңіруге аз күш жұмсайды. Күні бойы су ішіп жүру ағзаның ылғал теңгерімін дұрыс ұстап тұруға және денсаулықты нығайтуға өте маңызды. Көпшілігіміз су ішу үшін шөлдеген уақытты күтіп жүреміз, бірақ, бұл кезде біздің ағзамыз сусызданып үлгереді. Ағза қалыпты жағдайда қалу үшін әрдайым суды қажет етеді.


Біздің ағзамыз неліктен 60 пайыз судан тұрады?

Орта есеппен алғанда, адам ағзасының шамамен 60 пайызы судан тұрады. Алайда бұл көрсеткіш әртүрлі тіндер мен мүшелерде әрқалай болады. Ағзадағы судың негізгі бөлігі жасушаларда орналасқан. Жасушалар ағзаның негізгі құрылыс бөлігі болып саналады. Төменде негізгі мүшелердегі су мөлшері көрсетілген:


  • Мида: 80-85 пайыз
  • Жүректе: 75-80 пайыз
  • Бұлшық еттерде: 70-75 пайыз
  • Теріде: 70-75 пайыз
  • Қанда: 50 пайыз
  • Сүйектерде: 20-25 пайыз (иә, сүйектердің өзінде де су бар)


Көптеген ішкі мүшелердің негізі су болып табылатындықтан, оны үнемі толықтырып отыру ағзаның дұрыс әрі үйлесімді жұмыс істеуі үшін өте маңызды екені анық.


Ағзамызға су не үшін қажет?

Су ағзадағы көптеген маңызды қызметтерді атқарады, соның ішінде:

• Жұлынды және басқа да сезімтал тіндерді қорғайды;
• Жасушаларды ылғалдандырып, олардың сау болуын қамтамасыз етеді;
• Буындарды маймен қамтамасыз етіп, соққыдан қорғайды;
• Зәр шығару, терлеу және ішек арқылы қалдықтарды шығаруға көмектеседі.

Осы маңызды үдерістердің дұрыс жұмыс істеуі үшін күн сайын белгілі бір мөлшерде су ішіп отыру қажет. Бұл мөлшер адамның салмағына, белсенділігіне және қоршаған ортасына байланысты өзгереді. 

Сізге күніне ішу керек судың минималды мөлшерін анықтау үшін мына қарапайым формуланы пайдаланыңыз:


Сіздің салмағыңыз (кг) ÷ 30 = күніне ішу керек судың ең аз мөлшері (литрмен).

Мысалы:


Егер сіздің салмағыңыз 72.5 кг болса, онда сізге күніне ең кемі 2.41 литр су ішу керек (72.5 ÷ 30).


Есіңізде болсын, бұл тек негізгі мөлшер. Егер сіз жүкті болсаңыз, спортпен айналыссаңыз немесе ыстық жерде болсаңыз (мысалы, моншада), ағзадан көбірек сұйықтық бөлінетіндіктен, су мөлшерін арттырып отыру қажет. 


Басқа сусындар емес, неліктен су?

Сізге: «Неліктен жәй су ішуім керек? Шай, газдалған сусын немесе кофе ішсем болмай ма?» деген ой келуі мүмкін. Аталған сусындардың құрамында су болғанымен, олардың ішінде қант, кофеин және ағзадағы табиғи тепе-теңдікті бұзатын басқа да заттар бар. Ал су болса, керісінше, теңгерімді pH деңгейіне ие және бейтарап. Оның құрамында газдалған сусындар сияқты қышқылдар жоқ және бөтелкедегі сілтілі су сияқты шамадан тыс сілтілі де емес. Таза су ішу ағзаның ішкі тепе-теңдігін қалпына келтіруге көмектеседі және ішкі мүшелердің дұрыс жұмыс істеуін жеңілдетеді. Су ағзаның ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады, ойлау қабілетін жақсартады және ас қорыту жүйесіне оң әсер етеді. 


Жеткілікті түрде су ішу әдетін қалыстастыруға арналған кеңестер

Суды жеткілікті түрде ішу әдетін қалыптастыру уақыт алуы мүмкін, бірақ, оның пайдасы соған тұрарлық. Бұл әдетті қалыптастыруды, үйден шығарда үнемі су толтырылған бөтелкені алып жүруден бастаңыз. Бір-біріңізді бақылау мақсатында досыңызбен келісіп, күніне қанша су ішкеніңізді біліп отыру үшін арнайы қосымшаны қолданыңыз. Ұнатқан сусыңызды ішкен сайын, артынан бір стақан су ішіп отыруға тырысыңыз. Егер сізге құр судың дәмі ұнамаса, онда оған қантсыз жидектерді немесе лимонның бір тілімін қосуға болады. Ол судың дәмін әлдеқайда жақсартады. Бұл қоспаларда қант пен артық калория жоқ, сондықтан, ол ағзаны таза электролиттермен және антиоксиданттармен қамтамасыз етеді. 

Copyright © 2026 Saghlam Hayat - All Rights Reserved.

Powered by

  • Contact Us
  • Privacy Policy

This website uses cookies.

We use cookies to analyze website traffic and optimize your website experience. By accepting our use of cookies, your data will be aggregated with all other user data.

DeclineAccept