Saghlam Hayat

Saghlam HayatSaghlam HayatSaghlam Hayat

Saghlam Hayat

Saghlam HayatSaghlam HayatSaghlam Hayat
  • Уйғур
  • Сағлам Һаят китаб
  • Тил
    • UYG (latin)
    • ENG
    • Қаз
    • РУС
    • ئۇيغۇرچە
  • More
    • Уйғур
    • Сағлам Һаят китаб
    • Тил
      • UYG (latin)
      • ENG
      • Қаз
      • РУС
      • ئۇيغۇرچە
  • Уйғур
  • Сағлам Һаят китаб
  • Тил
    • UYG (latin)
    • ENG
    • Қаз
    • РУС
    • ئۇيغۇرچە

Су

Біздің денеміз 60 пайыз судан тұратынын білесіз бе? Қанымыздан бастап миымызға дейін, тіпті сүйегімізде де, яғни, су барлық жерімізде бар. Біздің денеміз суды түрлі үдерістерге, яғни, денедегі артық заттарды шығаруға, салқындауға, тіпті тыныс алуға пайдаланады. Байқағандарыңыздай су өте маңызды. Егер сіз күніне қаншалықты су ішу керектігін немесе денеңіздің суды қалай пайдаланатынын білгіңіз келсе, онда «толығырақ білу» батырмасын басыңыз. 

толығырақ білу

Белсенділік

Біздің денеміз қозғалысқа және түскен қысымға төтеп беруге арналған. Үнемі жаттығу жасап тұрудың жолын табу қиынға соғар, бірақ, ол қарапайым және қызықты болу керек. Күнделікті жаттығулар біздің өміріміздің басқа тұстарында да табысты болуға көмектеседі. Белсенді бола түскен сайын, біз күнделікті тапсырмаларды оңай орындап, стресске төтеп бере аламыз. Жай серуендеп қайтуға немесе бір сағатқа болсын жаттығу жасауға ғана уақытыңыз болса, төмендегі батырманы басып, уақытыңыздың тығыздығына қарамастан, денсаулығы мықты адамға айналыңыз. 

толығырақ білу

Жеңіске жету

Жаман әдеттеріңіздің кесірінен қиналып жүрсіз бе? Әлеуметтік желідегі видеоларды көрсеңіз тоқтай алмай қаласыз ба әлде стресске түскен сайын жүгіріп барып темекі тартатын шығарсыз. Бәлкім тәттіні көп жеп қоясыз немесе болмашы нәрселерге көп бас қатырарсыз. Әдеттердің кейбіреулері қалыпты мөлшерде зиянды болмауы мүмкін, ал басқалары мүлдем зиян. 

Зиянды әдеттеріңізден арылуға қадам жасау мен өмірдің әрбір сәтіне қуана білуді үйрену үшін төмендегі батырманы басыңыз.

толығырақ білу

Лайықты екеніңізді сезіну

Адамның өз-өзін бағалауы өмірін жақсартуға, салауатты әрі толыққанды өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Бұл біздің психикамыздың дұрыс болуына, сапалы қарым-қатынас орнатуымыз бен деніміздің сау болуы үшін маңызды. Өз-өзіңізді бағалау сізді сенімді әрі төзімді болуға, өмірдің мәнін түсінуге көмектеседі. Көбірек білу үшін төмендегі батырманы басыңыз.

толығырақ білу

Демалыс

Сіз ұйықтағанды жақсы көресіз немесе түнде ұйықтау керек болғаннан кейін ғана ұйықтауға жататын боларсыз. Қалай болғанда да, дұрыс демалу өте маңызды. Сіздің жақсы ұйықтағаныңыз денеңіздің қайта қалпына келуіне, сауығуына көмектеседі және миымыздағы ақпараттарды сүзгіден өткізіп, оларды есте сақтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар, күнделікті әсерлерден үзіліс жасайды. Кейде біздің қарбалас шаруамыздан демалуға уақыт табу мүмкін емес сияқты көрінеді. Алайда физикалық демалыс ол денеміздің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет демалыстардың бірі ғана. Күнделікті өмірімізге демалуға көмектесетін әдеттерді енгізудің көптеген жолы бар, олар ой-санамыздың сау болуына және физикалық әл-ауқатымыздың жақсаруына ықпал етеді. Демалыстың пайдасы туралы толығырақ білу үшін төмендегі сілтемені басыңыз.

толығырақ білу

Қолайлы орта қалыптастыру

Біз кейде не істеу керегін, тіпті оны қалай жасау керектігін білсек те, бізді қоршаған орта бізді дамуға емес, жайлылық аймағында қалуға итермелейді. Сондықтан, әдеттерімізді немесе өмір салтымызды жақсы жаққа өзгерту мүмкін емес сияқты көрінуі де мүмкін. Кішкентай дәннің өсіп шығуына қолайлы жағдайлар қажет болған сияқты, бізге де шынайы даму үшін дұрыс орта керек. Бұл көбіне белсенді түрде көңіл бөлу керек ұсақ нәрселерден басталады, яғни, өз ортамызды қалыптастырып, оны қорғау және айналамызды таза күйде ұстау сияқты әрекеттер. Өзіңіз жайындағы ойыңызды өзгерту керек пе, әлде бөлмеңізді жинау әдетін қалыптастыру керек пе? Ортаңыздың сізге қалай әсер ететінін және оны қалай жақсартуға болатынын білу үшін төмендегі сілтемені басыңыз.

толығырақ білу

Таза ауа

Таза ауамен дем алуға жететіні жоқ. Көмірқышқыл қалдықтарынсыз, оттегіне бай ауамен терең тыныс алу. Оттегі ағзамыздағы қатерлі ісікпен күресетін жасушаларға көмектеседі. Қандай ауамен демалғаныңыз ғана емес, сонымен қатар, қалай дем алғаныңыз да маңызды екенін білесіз бе? Тыныс алу әдеттерінің сіздің эмоцияңызды бақылауда ұстауға көмектесетінін білесіз бе? Таза ауа мен дұрыс тыныс алудың пайдасы туралы толығырақ білу үшін төмендегі сілтемені басыңыз.

толығырақ білу

Күн сәулесі

Барлық адамдар сияқты сіз де күн сәулесін қуанышпен байланыстыратын боларсыз. Негізінде, денемізге түскен жылы күн сәулесі ағзамыздағы «бақыт гормоны» саналатын серотониннің түзілуі үшін өте маңызды. Күннің жылы шуағына бөлену санаулы минуттың ішінде қан қысымыңызды төмендетуге көмектеседі, ал көзге түскен күн сәулесі мидың түрлі қызметіне оң әсерін тигізеді Күн сәулесі туралы ғылыми ақпарат алғыңыз келсе, төмендегі сілтемені басыңыз.

толығырақ білу

Тамақтану

Германиядан әкелген қымбат, жылтыраған су жаңа спорттық көлігіңіздің бар екенін елестетіңізші. Оған қалай күтім жасар едіңіз? Оның жақсы жүріп тұруы үшін қажеттінің барлығын жасайсыз. Күн сайын, әрбір сәтте біздің денемізде мыңдаған үдеріс жүріп жатады. Осы қызметтердің барлығы біз күн бойы тұтынатын тағам мен сұйықтықтардан алынатын қоректік заттардың есебінен жүзеге асады. Сапасыз жанармай қымбат спорттық көліктің қозғалтқышын қалай бүлдірсе, дәл сол сияқты ағзамыз да дұрыс жұмыс істеуі үшін сапалы «жанармайды» қажет етеді. Тамақтану әдеттеріңізді қалай жақсартуға болатынын білу үшін төмендегі сілтемені басыңыз.

толығырақ білу

Арман

Сіз қазір не үшін өмір сүріп жатырсыз? Өзіңізді бес жылдан кейін қай жерлерден көресіз? Жаңа нәрселерді үйрену мен үнемі алға жылжуда арман мен үміттеріміздің орны ерекше. Жаңа кәсіпті меңгеру, жаңа хоббимен айналысу немесе өмір салтымыздағы әдеттерді өзгерту сияқты мақсаттарды қою бізге алға талпынуға күш береді және бірсарындылық пен бір орнында тұрып қалудан сақтайды. Мақсаттарымызға жетіп, армандарымыздың біртіндеп орындала бастағанын көрген сайын, біздің өзімізге деген сенімділігіміз артып, алға ұмтылуымызға жігер береді. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізудің жолдарын білу үшін төмендегі сілтемені басыңыз.

толығырақ білу

Сенімділік

Сенім үміт пен өзін-өзі бағалауды қалыптастыруда аса маңызды рөл атқарады. Cіз өз мүмкіндіктеріңізден жоғары нәрсеге сенген кезде, бұл сізге шабыт пен жігер беріп, сіздің психикалық және эмоционалды жағдайыңызға оң әсерін тигізеді. Күнделікті қиыншылықтар пен өмірдің қиын сәттерін еңсеру мүмкін емес болып көрінгенде, сенетін бір нәрсеңіз немесе бір адамыңыз болғанда, алға қарай ұмытылуға күшіңіз пайда болып, орын алған жағдайдан тыс өзіңізге деген сенімділігіңіз артады. 

Өзіңізге деген сенімділікті қалай арттыруға болатынын білгіңіз келеді ме? Төмендегі сілтемені басыңыз.

толығырақ білу

Subscribe

Sign up for healthy news and events.

Copyright © 2026 Saghlam Hayat - All Rights Reserved.

Powered by

  • Contact Us
  • Privacy Policy

This website uses cookies.

We use cookies to analyze website traffic and optimize your website experience. By accepting our use of cookies, your data will be aggregated with all other user data.

DeclineAccept